Байғанин ауданында өткізілетін жедел-тактикалық оқу жаттығу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹2026 жылғы 14 мамырда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінде Терроризмге қарсы Байғанин аудандық жедел штабының ұйымдастыруымен жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.

🔹Оқу-жаттығу барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде орын алуы мүмкін терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады.

🔹Іс-шараны өткізу кезеңінде автокөліктер мен тұрғындардың қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз.

🔹Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді ескертеміз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Байғанин аудандық жедел штабы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1220269?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді