Балпық ауылдық округі әкімінің 2026 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

Балпық ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар. Балпық би ауылы, Ақшатоған  және  Теректі ауылдары. Балпық би ауылы облыс орталығынан 19 км. қашықтықта орналасқан. Жалпы халық саны – 14082 адам, яғни аула саны – 4687 үйді құрап отыр. Ұлттық ауыл шаруашылық санағы бойынша қазіргі таңда – 3791 аула саны бар, оның – 2497 араланған 65,87 % құрайды. 

2026 жылдың 6  ай ішінде округ әкімінің атына «Е-өтініш» жүйесі арқылы барлығы 114 өтініш түсіп, қаралды. Барлық өтініштер уақытылы тіркеліп, өтініш иелеріне талондар мен жауаптары берілді. Сонымен қатар әкімнің жеке қабылдауында 10  азамат болды. Қабылданған өкімдер: жеке құрам бойынша – 26, негізгі қызмет бойынша – 113. Көп балалы анаға –3 «Алтын алқа», 7 анаға «Күміс алқа» алқалары табысталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету

ҚР Ауыл  шаруашылығы министірінің  2020 жылғы 1 қазандағы  №301 бұйрығына сәйкес,  «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, 5 мамлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Көрсетілетін  қызметті алушылардың өтініші бойынша  жеке тәртіппен  2026 жылдың жыл басынан бүгінгі күнге дейін төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

-Сауда – саттықты  (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді  талап  етпейтін  мемлекет  меншігіндегі  жер учаскелеріне  құқықтарды алу  бойынша -22 қызмет түрі көрсетілді.

– Жер учаскелерінің  нысаналы  мақсатын өзгертуге  шешім беру бойынша -3 қызмет түрі көрсетілді.

-«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», өтініш e-gov порталы арқылы

электронды түрде, ЭЦҚ арқылы өтініш беруші өзі кезекке тіркелуде. Қазіргі уақытта 6201 азамат/ша/ кезекте тіркеліп тұр.

– «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» – 2

Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жауаптары Заңда көрсетілген мерзімдеріне сәйкес, уақытылы жауаптары берілді.

Ауылшаруашылық

Округте барлығы 6772 га жалпы мақсаттағы жер бар, оның ішінде: елді мекендерде 1648 га жер, ауылшаруашылық жерлері 5124 га, жайылымдар – 1426 га, шабындықтар – 537,9 га, барлық егіс алқаптары – 3243 га, оның ішінде егістік жер – 3243 га. Округ  бойынша көктемгі дала жұмыстарына 38 тонна арзандатылған жаңар-жағар майға,  509 тонна минералды тыңайтқышқа, оның ішінде 16 тонна азоттық тыңайтқышқа және 44 тонна аммофос тынайтқышына,  сұраныс берген  шаруа қожалықтар толығымен алды. 2026 жылы суармалы жерлерді игеру бойынша көктемгі жұмыстар толық жүргізілді. барлық егіндік жерлерді игеру жұмыстары толық жүргізілді. Жоспар бойынша дәнді жүгері 361 га, 80 га көпжылдық шөп,  15 га көкөніс, 26 га  бақша дақылдары, 629  га қант қызылшасы, 1734 га майбұршақ, 1105 га күздік бидай, жаздық бидай 112 га, жаздық арпа 308га егу жоспарлануда.   Жалпы ірі қара – 7350 бас,  жылқы – 1995 бас,  қой мен ешкі – 7700 бас, 7550

 

 

 үй   құстары тіркелген. Ауылымыздағы эпизоотиялық жағдай қалыпты, мал дәрігерлерінің ауыл шаруашылық малдарының қауіпті ауруларының алдын-алу шараларын уақытында және тиімді жүргізуінің арқасында округіміз  ауылшаруашылық малдарының аса қауіпті жұқпалы ауруларынан аман. Малдарды алдын ала егу және қан анализдарын өткізу жұмыстары уақытылы жүргізіледі.

Салық бойынша

2026  жылдың  6  айы бойынша барлық салық түрлерінен жоспар 287 млн 160 мың теңге,орындалғаны: 293 млн 856 мың теңге.

– Жеке табыс салығынан 6 айлық жоспар – 192 млн 969 мың теңге,орындалғаны- 183 млн 144 мың теңге.

– Жеке тұлғалардың мүлік салығының 6 айлық жоспары 1 млн 362 мың теңге, орындалғаны  1 млн 105 мың теңге.

– Жер салығының 6 айлық жоспары – 953 мың теңге, орындалғаны  291 мың теңге.

– Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын 6 айлық салық жоспары 3 млн 021 мың теңге, бюджетке 375 мың теңге түсті.

– Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық жоспары 88 млн 750 мың теңге, бюджетке 103 млн 202 мың теңге түсті (105%).

– Сыртқы (көрнекі) жарнама салығының 6 айлық жоспары: 88 мың теңге,орындалғаны- 332 мың теңге.

Әлеуметтік сала

Балпық ауылдық округінде экономикалық 8657 белсенді халық бар. Оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер – 5625, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 3032 адам Ұлы Отан соғысына тең-0 адам. Ұлы Отан соғысына теңестірілген мүгедектер- 11 адам. Ұлы Отан соғысының тылдағы жауынгерлері -33 адам

Ауған соғысына қатысушылар-13 адам. Чернобыль қатысушылары- 9 адам

Мүмкіндігі шектеулі адамдар-558 адам. Мүмкіндігі шектеулі балалар- 91 бала

Зейнеткерлер-2185 адам. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік комек- 48 отбасы,239 адам -12 мил 990.836 тг.  

Қысқа мерзімді оқыту курсы – 0 адам. ЭЕБ арқылы онлайн оқыту-50 адам. Бастау бизнес оқығандар-16 адам. Бизнес идеяға грант алғандар      -0 адам      

Әлеуметтік жұмыс орны-28 адам. Жастар практикасы-6 адам. Қоғамдық жұмыс     -20 адам. Күміс  жас  -17 адам. Алғашқы жұмыс орны-28 Тұрақты жұмысқа орналасқандар-64 адам                         

Инфрақұрылым

Балпық ауылдық округі  бойынша   2026 жылға  бюджеттік қаржыландару. Жергілікті бюджет.

 

 

Көксу ауданы,Балпық ауылдық округінің жолдарын қыстық баптау бойынша жұмыстары

ИП Каримова

2026 жыл – 11 612 068,96 теңге

 

 

Балпық би ауылының көше шамдарына қызмет көрсету жұмыстары

ТОО “Alpha Business Group”

2026 жыл – 11 465 517,24 теңге

                  

 

Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылының аумағындағы М. Сеңгірбаев атындағы саябақты, скверлер,алаңдар,аллеяларды күті ұстау бойынша жұмыстары ИП “НУР”

2026 жыл – 8 448 275,86 теңге

 

Билбордтарды, баннерлерді дайындау және орнату бойынша жұмыстар

ИП Lee

2026  жыл – 2 025 862,06 теңге

 

Жетісу облысы Көксу ауданы, Балпық ауылдық округіндегі бейнебақылау жүйелеріне қызмет көрсету қызметтері

ТОО “Karakoz.TDK”

2026 жыл – 2 887 931  теңге

 

Көксу ауданы Балпық би а. (Жангелдин қиылысы, Жамбыл қиылысы, Ғарышкер к.) көщелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары.

ИП ДҮЗЕЛХАН

2026 жыл – 17 287 461,44 теңге

 

Көксу ауданы Балпық би а.о. (Амангелді көшесі 2 учаске, Б.Момышұлы, Панфилов, С.Сейфулин т.б.) көшелерін маршрут бойынша күтіп ұстау.

ТОО “Коксу Проект”

2026 жыл – 17 298 861,92 теңге

 

Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылына мерекелік безендіру қызметтері

ТОО “QPRINT.KZ”

2026 жыл – 5 172 000 теңге

 

Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық ауылдық округі алаңдарын санитарлық тазалау қызметтері

ИП МАДИ

2026 жыл – 8 006 895 теңге

 

Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылының аумағында ағаштар отырғызу жұмыстары

ИП НАБИЕВА

2026 жыл – 4 850 000 теңге

 

Жетісу облысы Көксу ауданы, Балпық ауылдық округіндегі ағаштарды кесу жұмыстары

ИП Бекжан

2026 жыл – 4 310 344,82 теңге

 

Көксу ауданы, Балпық би ауылындағы Исабаева көшесі, 117, 117а, 7б, 1, 3 көппәтерлі үйдің балалар алаңын жайластыру жұмыстары.

ОО “Организация инвалидов Integra Orda Vector”

2026 жыл – 38 048 000 теңге

Тазалық

Көктемгі-жазғы-күзгі мезгілде  санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру мақсатында ауыл тұрғындарының қатысуымен “Таза Қазақстан” акциясының аясында сенбіліктер өткізеді. Ағымдағы жылы осындай сенбіліктерде ауылымыздың көшелері тазаланып, жабайы күл-қоқыс орындары жойылып,  әртүрлі құрамдағы қоқыс шығарылды. Әр бейсенбі күні «Тазалық бейсенбі» акциясы  жарияланып, ауылымыздың тазалық жұмыстары мектеп, балабақша, әкімшілік, дәрігерлік амбулатория қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен 30 шақырым жол бойы тазаланды, 35 шақырым арық жүйелері тазаланды, 5500 тонна күл-қоқыс шығарылды, 3257 түп көшет ағаштар отырғызылды.

Білім саласы

Округте оқушы саны – 3835 бала білім алуда.  Оның ішінде Қ.Қ.Жалайыри орта мектеп – гимазиясы – 754 бала, Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп – 1165 бала, Т.Исабаев атындағы орта мектеп – 194 бала, Б.Құндақбаева атындағы орта мектеп – 581 бала, № 5 орта мектеп Ақшатоған – 104 бала, М.Құрманов атындағы орта мектеп – 1037 бала.

Балабақшаларда тәрбиленіп жатқан бала саны: Қуаныш балабақшасы – 138 бала, Алпамыс балабақшасы – 240 бала, Балдәурен балабақшасы – 132 бала, Қуаныш балабақшасы – 138 бала.

Ішкі саясат оның ішінде гендерлік саясат

Жыл басынан зорлық – зомбылыққа жол жоқ аясында 15 іс – шара өтті. 2 бильборд ілінді. Ардагерлерді ардайық бойынша 7 іс – шара өтті. Өзге ұлт өкілдері арасында қақтығысқа жол жоқ акциясы аясында білім беру мекемелерінде 13 іс – шара өтті. Нашақорлыққа жол жоқ 10 іс – шара, Сыбайлас жемқорлық бойынша 9 іс – шара өтті. Дін бойынша 7 іс – шара өтті және т.б., іс – шаралар өтті.  

Әлеуметтік желіге жыл басынан

Әр түрлі тақырыпта 400 – ден аса мәліметтер жарияланды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау

Сәтсіз отбасылармен, ата -аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен жыл басынан 10 отырыс болды. Әкімшілік тарапынан азық – түлікпен, қатты отынмен, демеушілердін көмегімен қаржылай көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда 11 сәтсіз отбасы бар. Түнгі рейдтік жұмыстар аптасына 2 рет жүргізіледі.

 

 

               Округ әкімі                                                                      Т.Қожабеков

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-balpyk/press/news/details/1220475?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді