Біржан сал ауданы прокуратурасы инвестормен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биржан сал ауданы прокуратурасымен көкөніс қоймасын салу және картоп өсіру жобасын іске асырып жатқан «Макинка-2015» ЖШС инвесторымен объектіде көшпелі кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында жергілікті қадағалау органының басшысы жобаның іске асырылу барысымен танысып, инвестормен өндірісті одан әрі дамыту және әкімшілік кедергілердің болуы мәселелерін талқылады.

Аудан прокуроры инвесторға қолданыстағы «Прокурорлық сүзгі» туралы түсіндіріп, инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде инвестор жобаға қолдау көрсеткені және уәкілетті органның осы ЖШС-нің жер учаскелеріне бұрын салынған ауыртпалықтарды көздейтін актісінің күшін жойғаны үшін прокурорға алғысын білдірді.

Бизнес субъектілері мен инвесторларға қатысты заңдылықтың сақталуы мәселелері аудан прокуратурасының тұрақты және ерекше бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1220137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді