
«2025 жылға арналған Екібастұз қаласы бюджетінің орындалуы туралы» есеппен, сондай-ақ «Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №296/38 «2026–2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен Қоғамдық кеңес мүшелері алдында экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлфия Чуканова сөз сөйледі.
Сондай-ақ, қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі ұсынған «2026 жылға арналған Екібастұз қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешім жобасы қаралды. Жоба бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерін тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Самал Байғожина таныстырды.
Жұмыс жоспарына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелері «Екібастұз қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» мәселені де қарады.
Қоғамдық кеңес мүшелері қарауға ұсынылған шешім жобаларын қолдады. Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, оларды одан әрі іске асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1219480?lang=kk

Жауап қалдыру