
Алматы қаласы Әділет департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Ернар Ақселеуұлы Сейдімбек ер азаматтарды мерекемен құттықтап, олардың әділет органдары жүйесін дамытуға қосып жүрген үлестерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ел мүддесі жолындағы адал қызмет, жоғары жауапкершілік пен кәсібилік әрдайым жоғары бағаланатынын жеткізді.
Мерекелік жиын аясында әділет органдарында ұзақ жылдар бойы мінсіз әрі абыроймен қызмет атқарған бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.
Шара соңында қызметкерлерге ізгі тілектер айтылып, Отанға адал қызмет ету – әрбір азаматтың абыройлы борышы екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1220503?lang=kk

Жауап қалдыру