
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы хабарландыру
«Тараз қаласы “Әулиеата” ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау шеңберінде алдын ала қалыптастырылған нәтижелер бойынша жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Қазіргі уақытта жүргізілген талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын ала жобасы қалыптастырылды.
Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды, азаматтарды және қоғамдық ұйым өкілдерін ұсынылған жобаны талқылауға қатысуға, сондай-ақ өз пікірлері мен ұсыныстарын жолдауға шақырамыз.
Пікірлер мен ұсыныстарды
☎️ 8 777 198 1919 байланыс телефоны арқылы жолдауға болады.
Жария талқылау қорытындылары ескеріліп, талдаудың түпкілікті нәтижелері ішкі талдау аяқталғаннан кейін бекітіліп, мекеменің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-aulieata/press/news/details/1220412?lang=kk

Жауап қалдыру