IT-фестиваль «New Generation»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы 14 мамырында облыс әкімі Н.Сақтағановтың қатысуымен жыл сайынғы 13-ші «New Generation» IT-фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты – оқушылардың ақпараттық технологияларға қызығушылығын арттыру, цифрлық сауаттылығын дамыту, жас IT мамандарын қолдау және шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Шара барысында қатысушылар робототехника, бағдарламалау, цифрлық жобалар, инновациялық технологиялар бағыттары бойынша өз жұмыстарын таныстырып, білімдері мен шеберліктерін ортаға салды.
IT-фестиваль жас ұрпақтың заманауи технологияларды тиімді меңгеруіне, креативті ойлау қабілетін дамытуға және болашақ мамандықтарын саналы таңдауға ықпал етті.
Шараға Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев, әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Солтанқызы, әдіскер М.Жұмабаев және де мектеп директорлары мен оқушылар қатысты

https://www.instagram.com/reel/DYUHFD-k26E/?utm_source=ig_web_copy_link

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1220089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді