
ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Жанғазы Бақытжанұлы Құмарбеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Жұмыстар мен қызметтер жөніндегі мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ, ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Замзагүл Темірғалиқызы Әбсадирова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Бұдан басқа, ҚР ҚМ Мемлекеттік Қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Ғазизова Наиля Наильевна Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментінің Шарттарды тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1219873?lang=kk

Жауап қалдыру