МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ АРАЛАСУЫН БОЛДЫРМАУҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие. Соның ішінде деструктивті діни ағымдардың қоғамға, жастарға және мемлекеттік қызмет саласына тигізетін теріс ықпалы мемлекет үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың қоғамға қауіптілігі, олардың белгілері мен таралу тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы, заң талаптарын орындауы және зайырлы мемлекет қағидаттарын ұстануы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызметші – мемлекет саясатын жүзеге асыратын, халық пен билік арасындағы сенімді қалыптастыратын тұлға. Сондықтан олардың заң талаптарын сақтауы, зайырлылық қағидаттарын ұстануы және қоғамға үлгі болуы аса маңызды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1220284?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді