Мұғалжар ауданында ата-аналармен ақпараттық кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Қарлығаш Шалаева жұмыс сапары барысында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесті. Жиын барысында ата-аналарға орталықтың қызметі мен көрсетілетін қолдау түрлері туралы кеңінен мәлімет берілді.

Кездесу аясында ерекше балаларға арналған әлеуметтік қызметтер, оңалту бағдарламалары және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер ұсынылды.

Мұндай басқосулар отбасыларға маңызды ақпарат алуға, қолдау тетіктерімен танысуға және балалардың дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Орталық қызметі туралы толық мәліметті aktobe_cso3 Instagram парақшасынан немесе 8 777 660 13 78 нөмірі (Директор Қарлығаш Ермекқызы) арқылы білуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1219594?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді