Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындары мен қонақтарын табиғи орындарды таза ұстауға шақырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындары мен қонақтарын табиғи орындарды таза ұстауға шақырды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бастаған волонтерлік топ Маңғыстаудың көрікті табиғи орындарының бірі – Айрақты аумағына барып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық шараға мемлекеттік қызметкерлер, экологтар мен еріктілер қатысып, табиғи аумақтарды тазалау жұмыстарына атсалысты.

Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындары мен қонақтарын Маңғыстау табиғатын аялауға және тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға шақырды.

– Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» ұғымы қоғам санасына сіңіп келеді. Алайда бүгінгі таңда ата-бабамыз жанын қиып қорғаған қасиетті жерлерде демалушылардың қоқыс қалдырып кететін жағдайлары әлі де кездеседі. Осыған байланысты әріптестерімізбен және жергілікті тұрғындармен бірге волонтерлік топ құрып, табиғатты тазалау жұмыстарына атсалысуға келдік. Біздің даламызды сырттан келіп ешкім тазалап бермейді. Бұл – біз барған жалғыз ғана орын, ал мұндай аумақтар өңірімізде көп. Сондықтан қай жерде жүрсек те айналамызды таза ұстап, өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін насихаттау – баршамызға ортақ міндет деп санаймын және тазалық сақтауға шақырамын, – деді облыс басшысы.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1219904?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді