
15 мамыр күні сағат 10:30-да «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Іс-шараға өңірдің 140 жұмыс берушісі қатысады.
Сіздерді:
- бос жұмыс орындары мен жұмыс берушілермен сұхбаттасу;
- оқу орындары мен жұмыс берушілердің таныстырылымдары;
- шеберлік сабақтары мен VR-оқыту;
- грант алушылар көрмесі;
- концерттік бағдарлама күтеді.
Жәрмеңке жұмысқа орналасуға, кәсіби дамуға және болашақ мамандықты таңдауға жаңа мүмкіндіктер алаңына айналады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1220175?lang=kk

Жауап қалдыру