
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Т.Қ. Абдыкуловтың жетекшілігімен Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясында Қазсушар РМК-ның Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналы филиалы, “Алматыоблсушар” МКК “Сорбұлақ” МКК және жеке су пайдаланушылармен маңызды жиын өткізіліп, суды үнемді пайдалану жүйесіне байланысты түсіндірме жұмыстары атқарылды. Оған қоса, «Билинг» электрондық жүйесі арқылы “көлеңкелі нарықпен күрес», спутниктік мониторг жүргізу тізбегі жайында маңызды ақпараттар берілді.
Cонымен қатар, жер телімдеріне байланысты су пайдалану келісімшарттарының заңға сәйкестігі тексеріліп, су пайдаланушы мен су тұтынушы арасындағы шарттық қатынастарды цифрландыру жұмыстарына баса назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1220493?lang=kk

Жауап қалдыру