
Цифрландыру және ашықтық
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.
Не өзгереді?
ОТҚ құны Әлеуметтік қызметтер порталы және электрондық сауда алаңдары арқылы автоматты түрде есептеледі
Бағаны қалыптастыруда адам факторы алынып тасталады
Баға белгілеудің ашықтығы мен әділдігі қамтамасыз етіледі
Қаражат заманауи оңалту жүйесін дамытуға бағытталады
ОТҚ-ны қайтарудың пилоттық механизмі
Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды облыстарында ОТҚ-ны қайтару бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Маңызды:
механизм ерікті түрде жүзеге асырылады;
тек қауіпсіз қайта пайдалануға болатын ОТҚ қайтарылады;
барлық құралдар сараптамадан өтіп, санитарлық өңдеуден өткізіледі және қажет болған жағдайда жөнделеді.
Азаматтарға қандай пайдасы бар?
ОТҚ алу уақыты қысқарады
Техникалық құралдардың қолжетімділігі артады
Жөндеу немесе жаңа құрал күту кезеңінде уақытша қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады
Әр адамның қажеттілігіне бағытталған тәсіл күшейеді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1219533?lang=kk

Жауап қалдыру