
Ақжолтай хабар!
Атыраулық талантты биші Қаракөз Мұрат Өзбекстанда өткен III халықаралық “LAZGI” би байқауында үздік атанды. Ол «TURKSOY» халықаралық сыйлығына ие болды.
Екі жылда бір рет өтетін бұл беделді фестиваль соло және ансамбль бағыттары бойынша ұйымдастырылып, би өнерінің үздіктерін анықтайды.
Би сайысына 15 елден 30 үміткер қатысып, өзара бақ сынады. Қазылар алқасы да әр елден жиналған мықты мамандардан құралды.
Жетекшісі Исатай Елеусіновтің айтуынша, байқау өте жоғары деңгейде өткен:
– Бұл додаға қатысудың өзі үлкен мақтаныш. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатындықтан, сұраныс өте жоғары.
Әр елден шамамен 5000-ға жуық өтініш түседі, – деді ол.
Айта кетейік, Қаракөз Мұрат бала жастан есту мүмкіндігі шектеулі жан. Соған қарамастан, ол 5 жасынан бимен айналысады. Бүгінде Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына қарасты Саңыраулар клубы “Шаттық” би ансамблінің солисі.
Бұл жеңіс – табандылық пен өнерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын дәлелі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1219783?lang=kk

Жауап қалдыру