Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша брифинг өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстауда қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша брифинг өткізілді

 

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қоғамдық коммуникация орталығында қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша брифинг өткізді.

 

Брифинг барысында өңірде интернет кеңістігіне тұрақты мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 4 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғаны айтылды. Олардың қатарында «Асар Баспана», «Live Good» және «Sax Invest» жобалары бар.

 

Сонымен қатар, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Азаматтар күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге шақырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-mangistau/press/news/details/1219643?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді