Қауіпсіздік күзетінде – патрульдік полиция ротасының қызметкері Бекзат Әділгереев

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қоғам қауіпсіздігі мен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды қызмет. Осы бағытта абыройлы еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының бірі – Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Бекзат Әділгереев.
Ішкі істер органдарында 2022 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан полиция қызметкері бүгінде Атырау–Ақтөбе бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет етеді. Ол заманауи дрон арқылы әуеден бақылау жүргізіп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалайды, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар атқарады.
Патрульдік полиция қызметі тек құқық бұзушылықтардың жолын кесумен шектелмейді. Қызмет барысында жол бойында көлігі бұзылып қалған азаматтарға көмек көрсету, қиын жағдайға тап болған жолаушыларға қолдау білдіру, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – күнделікті міндеттердің бір бөлігі.
Бұл қызмет үлкен қырағылықты, төзімділікті және кәсіби жауапкершілікті талап етеді. Кей жағдайда жұмыс уақытымен санаспай, төтенше оқиғалар орын алған жерлерде қызмет атқаруға тура келеді. Әсіресе, жол-көлік оқиғалары тіркелген сәттерде тәртіп сақшыларына жүктелер жауапкершілік арта түседі. Соған қарамастан, полиция аға лейтенанты өз қызметін адал атқарып, заңдылық пен тәртіп қағидаларын басты ұстаным ретінде ұстанып келеді. Оның айтуынша, халық сеніміне лайық болу және азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет ету – әр полиция қызметкерінің басты міндеті.
Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1219557?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді