Қазақстан мен Беларусь екіжақты қатынастардың құқықтық негізін нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Минск қаласында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасында халықаралық құқық мәселелері бойынша консультациялардың кезекті раунды өтті.

Қазақстан тарапынан консультацияларға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сулейменов, Беларусь тарапынан Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас шарттық-құқықтық басқармасының бастығы Андрей Попков қатысты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қолданыстағы шарттық-құқықтық базасына жан-жақты талдау жүргізіп, оны одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, дипломаттар Қазақстан мен Беларусьтегі халықаралық шарттарды жасасу рәсімдерінің ерекшеліктерін, оның ішінде оларды жасасу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талқылады. Тараптар халықаралық шарттарды тіркеу, есепке алу және сақтау мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, өзекті халықаралық-құқықтық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Консультациялар сындарлы және іскерлік ахуалда өтіп, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының құқықтық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілікті растады.

Тараптардың уағдаластығына сәйкес консультациялардың келесі раунды Қазақстан Республикасында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1219478?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді