
Бүгінде Қазақстан автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұранысты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Бұған Caspi Bitum зауытының қуатын кеңейту жобасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді – мұнай өңдеу көлемі жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде жол битумын өндіру көлемі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін артты. Жоба Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан мұнай өңдеу саласын дамытудың тұжырымдамасы аясында орындалған алғашқы іс-шара болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта елімізде жалпы қуаты жылына 1,6 млн тоннаны құрайтын 4 зауыт жұмыс істейді. Көлік министрлігі мен КазАвтоЖол мәліметінше, 2026 жылы ішкі нарықтың қажеттілігі шамамен 1,1 млн тоннаны құрайды. Осылайша, қолданыстағы өндірістік қуаттар Қазақстанның жол битумына деген ішкі сұранысын толық қамтамасыз етеді.
Caspi Bitum зауыты жол-құрылыс компанияларынан өтінімдер болған жағдайда битумды жеткілікті көлемде өндіруге дайын.
Қабылданған шаралар жол-құрылыс саласын отандық битуммен тұрақты қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті төмендетуге және мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kazcik/press/news/details/1220149?lang=kk

Жауап қалдыру