Қостанай станциясында «Тырысқақ» бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 сәуірде Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастамасымен Қостанай станциясында аса қауіпті инфекцияға байланысты оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында Алматы–Қостанай бағытындағы №44 жолаушылар пойызының №2 вагонында шартты түрде «Тырысқақ?» жағдайы ойнатылды. Іс-шараның мақсаты — аса қауіпті және карантиндік инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда мүдделі қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимылын пысықтау. Оқу-жаттығуға теміржол ұйымдары, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, медициналық ұйымдар және құқық қорғау органдары қатысты. Барлығы 46 маман жұмылдырылды. Жаттығу нәтижесінде барлық қызметтердің жедел әрі үйлесімді әрекет етуге дайын екендігі көрсетілді. Мұндай іс-шаралар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1220335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді