
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Қызылорда облысы дін басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ мамандары Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы және Нарымбетов Олжас Жақыпбекұлы қатысып, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізер кері әсері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында қатысушылардың сауалдарына жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1219891?lang=kk

Жауап қалдыру