
ҚР Конституциясының нормаларын түсіндіру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу туралы
Жалпыхалықтық ерік білдіру қорытындыларын ақпараттық сүйемелдеу саясатын іске асыру шеңберінде Әділет департаментінің қызметкерлері бірқатар көшпелі іс-шаралар өткізді. Құқықтық оқыту жұмыстарының негізгі нысандары ретінде «Самади» сауда үйі мен Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) ғимараттары таңдалды.
Акция барысында азаматтарға 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясының негізгі бөлімдері егжей-тегжейлі әрі түсінікті баяндалған ақпараттық брошюралар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1220042?lang=kk

Жауап қалдыру