Құрық ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жоспарлы жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта ауылдың 1-шағын ауданында орналасқан ескі 12 көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қасбеті мен шатырын ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Бұл бастама елді мекендегі тұрғын үй қорын сақтап қалумен қатар, ауылдың эстетикалық ажарын ашуды көздейді.

Ауқымды жұмыстардың алғашқы кезеңі 2026 жылдың наурыз айында басталып, 1-шағын аудандағы №60, 61, 62, 63 және 64 көппәтерлі тұрғын үйлерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандар бойынша мердігер мекеме ретінде «ASK Corporation» ЖШС жұмыс жасауда. Жобаның құны 84 771 530,50 теңгені құрайды және тамыз айында толық аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, мамыр айының 11-і күні аталған шағын аудандағы №8, 9, 10 және 11 тұрғын үйлерде де жөндеу жұмыстары басталды. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өткізілген конкурстық рәсімдердің нәтижесінде «Каспий тех групп» ЖШС мердігер болып анықталып, 39 014 318,98 теңге көлеміндегі келісімшарт аясында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1219785?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді