САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 мамыр күні Мәртөк ауылының КСХТ аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Т.Көлкебаев, аудандық мәслихат депутаттары Б.Абдуллина мен Қ.Шамуратов, Мәртөк ауылдық округінің әкімі А.Айтмағамбетов, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, иесіз аумақтарды санитарлық тазарту және қоқыс шығару жұмыстарын жүйелеу, көше жарығын орнату және жөндеу, Бондарев көшесінің жол сапасын жақсарту, теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ауыл инфрақұрылымына қатысты басқа да ұсыныстар мен өтініштер айтылды.
Көтерілген мәселелер бойынша тұрғындарға тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекемелер тарапынан атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынылды. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері назарға алынып, алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жұмыстар жоспарына енгізілетін болады.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өз пікірлері мен ұсыныстарын еркін білдіруге мүмкіндік алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1219656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді