
Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Данияр Ахмолдаев Ақсу ауданындағы Егінсу және Матай ауылдарында тұрғындармен кезекті кездесулер өткізді. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Римма Салыкова қатысты.
Кездесу барысында халық қалаулысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмыстары, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметі жөнінде есеп берді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдар мен ұсыныстарға назар аударылып, бірқатар мәселелердің шешу жолдары талқыланды.
Ауыл тұрғындары елді мекендерді дамытуға қатысты өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар көкейдегі мәселелерін тікелей жеткізуге мүмкіндік алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1219850?lang=kk

Жауап қалдыру