
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Орал қаласында шахматтан «Senat Open» III ашық кубогының Батыс Қазақстан облыстық іріктеу турнирінің 1/4 финалы өткізілді.
Жарысқа барлық шақырылымдағы мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, күштік құрылым қызметкерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының және мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Бөкей ордасы ауданынан аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Нұргүл Хайруллина, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы – аудандық мәслихаттың І-шақырылымының депутаты болған Сүйінбек Хайруллин және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мұқтар Жоламанов қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1219689?lang=kk

Жауап қалдыру