Шомылу маусымы мен балалардың терезеден құлауының алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 2026 жылғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндады. Брифингте облыс аумағында 100-ден астам өзен мен 112 тоған орналасқаны, шомылуға рұқсат етілген 12 орын бекітілгені айтылды. Сонымен қатар, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге артқаны атап өтілді. Сондай-ақ, брифинг барысында балалардың терезеден құлауының алдын алу мәселесі де көтерілді. Мамандардың айтуынша, облыс аумағында биыл кәмелетке толмаған балалардың терезеден құлауының 3 дерегі тіркелген. Бұл оқиғалардың негізгі себептері – балаларды қараусыз қалдыру және терезелердің ашық болуы. Осыған байланысты Департамент, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп профилактикалық жұмыстар мен түсіндіру шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Брифинг соңында тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1219502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді