Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 2, 4-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 қаулысына сәйкес 2026 жылғы 26 ақпан-27 наурыз аралығында Алматы облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағытта ішкі талдау жүргізілетін болады.

– басқару қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде;

– ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметте.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ұсыныстар болған жағдайда мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8708 696 63 39, Байымбетова Маржан Нұрғазықызы, бас маман.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1220179?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді