Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2026 жылғы 1-30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

Талданатын кезең: 2025 жыл, 2026 жылдың 5 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау:

1) Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1219774?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді