Тараздық оқушы халықаралық робототехника чемпионатында топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Астана қаласында өткен халықаралық «Robotek Grand Tournament 2026» чемпионатында №67 орта мектептің 5-сынып оқушысы Жұмағалиев Әли жеңімпаз атанып, І орынды иеленді.

Ауқымды додаға 8 мемлекеттен келген үздік жас инженерлер қатысты. Атап айтқанда: Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан.

Осындай халықаралық деңгейдегі бәсекеде жеңіске жету — Әлидің таланты мен жетекшісі Мәдибаев Мұрат Қайратұлының кәсіби еңбегінің нәтижесі. Олар өздерінің жоғары дайындықтарын дәлелдеп, ел намысын абыроймен қорғады.

Жас чемпионымызды, жетекшісін және №67 орта мектеп ұжымын халықаралық жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстанның абыройын асқақтата беріңіздер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1220384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді