
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2026 жылғы 1-5 маусым аралығында Қазақстан Республикасына Barceló Group тобының атқарушы директоры Рауль Гонсалестің келуі жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Barceló Group Батыс жартышар мен испантілдес әлемдегі ең ірі халықаралық қонақүй компанияларының бірі болып табылады.
Сапардың мақсаты – Қазақстан аумағында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы қонақүй бизнесін дамыту мүмкіндіктерін қарастыру.
Бастапқы кезеңде компания дайын қонақүй инфрақұрылымы объектілерін пайдалану немесе қолданыстағы ғимараттарды жалға алу нұсқаларын қарастыруда, кейіннен өз объектілерін салу және дамыту нарығына кезең-кезеңімен шығу жоспарлануда
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-belinsky/press/news/details/1219992?lang=kk

Жауап қалдыру