Жедел-құтқару жасағының жазғы маусымға дайындығы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Шомылу маусымы қарсаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағында жеке құрам мен арнайы техниканың саптық байқауы өткізілді.

        Іс-шараның негізгі мақсаты — жаз мезгілінде су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құтқарушылардың дайындығын тексеру болды.

       Саптық байқау барысында Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Нұрлыбек Айжарыков қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін, құтқару құралдарының, арнайы киімдердің және мамандандырылған техникалардың жарамдылығын бағалады. Сондай-ақ құтқарушылардың судағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету әзірлігіне ерекше назар аударылды.

       Тексеру кезінде жүзу құралдары, құтқару жилеттері, судағы құтқару жабдықтары мен байланыс құралдарының дайындығы қаралды.

        Саптық байқау қорытындысы бойынша ТЖД жедел-құтқару жасағының жеке құрамы шомылу маусымында қызмет атқаруға толық дайын екені атап өтілді.

        Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға ықпал етеді.

       ТЖД тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуды ескертеді.

Маңғыстау облысы ТЖД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1220102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді