
2026 жылғы 22 сәуірде Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Жезқазған бекетінде №108/107Ц «Нұрлы Жол – Жезқазған» жолаушылар пойызында аса қауіпті инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдай бойынша оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың мақсаты — аса қауіпті және карантиндік инфекциялар ошағын оқшаулау және жою кезінде барлық қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимылын пысықтау. Жаттығу барысында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, теміржол қызметтері мен медициналық ұйымдардың төтенше жағдайға дайындығы тексерілді. Нәтижесінде барлық қатысушы қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекет етуге дайын екендігі көрсетілді. Оқу-жаттығу сәтті өтіп, қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1220344?lang=kk

Жауап қалдыру