
2008 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысу тегін.
Конкурс «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» сияқты төрт номинациядан, сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығынан тұрады.
Өткізілетін іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, ауданның барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз.
«Парыз» конкурсы туралы толығырақ ақпарат алып, өтінім беру үшін Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуды сұраймыз. Мекен-жайы: Құлсары қаласы, Хамидолла Хабдешев көшесі 1, 47 құрылыс, 5 кабинет. Байланыс номері 871237 4-84-07, 87029001528
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1219999?lang=kk

Жауап қалдыру