
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Албарбөгет ауылдық округінде игі іс ұйымдастырылды.
1983 жылы туған ауыл азаматтарының бастамасымен 30 түп ағаш сатып алынып, ауыл жастарының белсенді қатысуымен отырғызылды.
Бұл шара — туған жерге деген жанашырлықтың, ауызбіршілік пен табиғатқа деген қамқорлықтың айқын көрінісі.
Осындай игі бастамалар ауылымыздың көркеюіне, жасыл желектің көбеюіне және келешек ұрпаққа таза қоршаған орта қалдыруға өз үлесін қосады.
Табиғатты аялау — әр азаматтың ортақ міндеті!
#ТазаҚазақстан #Албарбөгет #ТуғанЖер #ЭкологиялықАкция

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-albarboget/press/news/details/1220528?lang=kk

Жауап қалдыру