
14 мамыр күні Басқарма басшысы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ нысанында болып, кәсіпорындағы жөндеу және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралып, қазандықтардың техникалық жағдайы мен алдағы атқарылатын жұмыстар пысықталды. Сонымен қатар, жылу беру маусымын тұрақты өткізу мақсатында жүргізіліп жатқан жөндеу науқанының орындалу барысына ерекше назар аударылды.
Қазіргі уақытта ЖЭО аумағында бірқатар маңызды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, №1 аккумуляторлық бак толық ауыстырылып, салқындатқыш мұнара жүйесінің сыртқы бөлігі жаңартылуда. Сонымен қатар барлық су жылыту қазандықтары мен турбоагрегаттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар нысанның сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жабдықтардың үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Басқарма басшысы жауапты мамандарға жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту және жылу көздерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/1221391?lang=kk

Жауап қалдыру