15 – мамыр Халықаралық отбасы күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында ауылымыздың берекелі де өнегелі әулеттерінің бірі – Аязбаевтар отбасында болып, ерекше әсерге бөлендік.  
 
Осы шаңырақтың қадірлі үлкендері Аязбаев Құрманбай аға мен Тәжіғұлқызы Аққағаз апаның биыл отау құрғандарына 50 жыл толып отыр. Жарты ғасыр бойы сыйластық пен татулықты ту еткен отбасы бүгінде немере мен шөбере сүйіп отырған берекелі шаңыраққа айналған.  
 
Шаңырақ иелері мереке қарсаңында барша ауыл тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтап, ақжарма тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.  
 
Отбасы күні құтты болсын!  
Әр шаңыраққа бақ-береке, ынтымақ пен бақыт тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1221216?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді