
2026 жылдың 15 мамыр күні Тарбағатай аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті. Бірлескен тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихатының депутаттары бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Бірлескен тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихатының депутаты Ж.Тұрабаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Тлеубеков, екінші мәселе Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев, үшінші, төртінші мәселелер «Жер комиссиясын құру туралы» Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысын бекіту туралы және Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Мұқатов, Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/2-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/3-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/4-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/5-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/6-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/7-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/9-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/8-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелерді ауылдық округ әкімдері баяндама жасап, аудандық мәслихатының депутаттары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданып, кезектен тыс отыз сегізінші және отыз тоғызыншы сессияларына бекітуге жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1221214?lang=kk

Жауап қалдыру