«Әділет органдарының ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       2026 жылғы 14 мамыр күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының №1 ХҚКО  «Әділет органдарының ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

         Аталған ашық есік күні тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы құқықтық кеңес берудің жарқын үлгісіне айналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарын кеңінен түсіндіру.

         Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы Б.Ж. Карабалиева қатысып, тұрғындардың еңбек қатынастарына байланысты сауалдарына жауап берді.

         Сонымен қатар, ашық есік күніне Атырау қаласының прокуратурасы, Атырау облыстық полиция департаменті, кірістер басқармасы, білім беру басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, тұрғын үй және жер қатынастары бөлімдерінің өкілдері, жұмыспен қамту бөлімдері, Отбасы банкінің мамандары, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және «Halyk Bank» филиалының өкілдері қатысып, тұрғындарға жан-жақты құқықтық кеңестер ұсынды.

         Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті жауаптар алып, заң аясында әрекет етудің тиімді жолдарымен танысты.

         Мұндай іс-шаралар халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1221023?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді