Алакөл көлі жағалауындағы туристік маусымға дайындық: полиция қауіпсіздік шараларын күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында Алакөл көлі жағалауындағы туристік маусымға белсенді дайындық басталды. Көлік ағынының артуы күтілуіне байланысты полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық және ұйымдастырушылық шараларды жүргізуде.

Полицейлер туристік аймаққа апаратын автожолдардың жағдайын тексеріп, жол-көлік оқиғалары жиі болатын қауіпті учаскелерді талдап, өз бастамаларымен жол белгілерін орнату және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруда. Ерекше назар ескерту белгілеріне, жылдамдықты шектеуге, қауіпті бұрылыстар мен көлік қозғалысы қарқынды учаскелерді белгілеуге аударылуда. Себебі алдағы уақытта Алакөл көлі бағыты өңірдегі ең қарқынды қозғалыс жүретін трассалардың біріне айналады.

«Жыл сайын жаз мезгілінде Алакөл көлі бағытына қатынайтын көліктер саны бірнеше есе артады. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен бақылауды күшейтуді талап етеді. Жұмыс “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында жүргізіліп, ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған», — деді Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеруге, жылдамдық режимін сақтауға, арақашықтықты ұстануға, қарсы жолаққа шықпауға және жол белгілерінің талаптарын қатаң орындауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1221566?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді