Алматы облысында «Түнгі қаладағы балалар» ЖПІШ басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14–16 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізіп, жастар көп жиналатын орындарды тексеруде. Сонымен қатар жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Полицейлер түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қараусыз қалудың алдын алуға және ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауына ерекше назар аударып отыр.

Тәртіп сақшылары ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қайда жүргенін бақылап, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1220717?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді