АЛМАТЫДА «АНА МЕН БАЛА» VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда Қазақстан Республикасының көрнекті денсаулық сақтау қайраткері Нина Әмірқызы Каюпованы еске алуға арналған «Ана мен бала» VI халықаралық ғылыми-практикалық форум өз жұмысын бастады.

Ғалым, академик, қоғам қайраткері отандық акушерия, гинекология және ана мен бала денсаулығын сақтау жүйесінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Форум кәсіби диалогқа арналған маңызды алаңға айналып, Қазақстанның жетекші мамандары мен шетелдік сарапшыларын біріктірді. Іс-шараға халықаралық медициналық қауымдастықтың, ғылыми ұйымдардың және практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысуда.

«Мемлекеттің жүйелі шаралары мен медицина қауымдастығының кәсіби жұмысының арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Тәуелсіздік жылдары ішінде ана, нәресте және неонаталдық өлім көрсеткіштері 6 еседен астам төмендеді. ЮНИСЕФ бағалауы бойынша Қазақстан жаңа туған нәрестелер өлімін төмендету бойынша өңірдегі көшбасшы ел ретінде танылды.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,9 жасқа жетті — бұл тарихи максимум және Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі», — деді форум қатысушылары алдында сөйлеген ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

Өз сөзінде ол пәнаралық өзара іс-қимылдың, медицина ғылымын дамытудың және әйелдер мен балалар денсаулығын сақтау жүйесіне заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығын қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

«Ана мен бала» форумы ана мен бала ленсаулығын сақтау саласында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдер іздеуге арналған беделді халықаралық алаң ретіндегі маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Көрнекті Ұстаз әрі тәлімгердің рухына тағзым ретінде форумға еліміздің барлық өңірлерінен Нина Әмірқызы Каюпованың шәкірттері әрі ана мен бала денсаулығын сақтау жүйесінде оның кәсіби дәстүрін жалғастырып жүрген медицина жоғары оқу орындары кафедраларының меңгерушілері, өңірлер мен қалалардың денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарлары, перинаталдық орталықтардың бас дәрігерлері келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1220671?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді