Ақкөл ауылы №13 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен жоспарға сәйкес Ақкөл ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында шартты өрт ошағын сөндіру, құтқару жұмыстарын жүргізу, оқушыларды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жауап қалдыру