Ақтөбе облысы түрік инвесторларымен стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында жоғары технологиялы авиациялық өндіріс іске асырылуда. Turkish Aerospace компаниясымен бірлесіп, «№406 Азаматтық авиация жөндеу зауыты» АҚ базасында «ANKA» ұшқышсыз ұшу аппараттарына қызмет көрсету, жөндеу және құрастыру орталығы құрылуда.

Жоба аясында:
🔹жоғары технологиялы өндірісті жергіліктендіру;
🔹отандық авиация мамандарын даярлау;
🔹авиациялық инфрақұрылымды дамыту;
🔹жаңа өндірістік құзыреттерді қалыптастыру көзделген.

Жобаларды табысты іске асыру мақсатында облыс әкімдігі қажетті инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде инженерлік желілерді жаңғырту, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту және өндірістік алаңдарды дамыту шаралары қамтылған.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» компаниясы Ақтөбеде жаңа зауыт салу туралы инвестициялық келісімге қол қойды.

Құжатқа Қазақстан-Түркия бизнес-форумы аясында облыс әкімдігі мен «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» бас директоры Вели Динчель қол қойды.

Бұл жобаның жүзеге асырылуы — халықаралық инвесторлардың Қазақстанға деген жоғары сенімінің және еліміздің тамақ өнеркәсібіне ұзақ мерзімді инвестициялар тартудағы жоғары әлеуетінің кезекті дәлелі.

Аталған бастамалар Ақтөбе облысының Қазақстандағы жетекші индустриялық және инвестициялық орталықтардың бірі ретіндегі әлеуетін одан әрі күшейте түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1221367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді