
Алматы қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогында клуб спортшылары сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Мейрамбек Айнағұлов — 63 кг
Рахат Бержанов — 97 кг
Арсен Жұма — 55 кг
Дінислам Сағитжанов — 67 кг
Асылбек Жәнібекұлы — 130 кг
Жарыс нәтижесінде Ақтөбе облысының құрамасы командалық есепте І орынды иеленіп, Қазақстан кубогін жеңіп алды.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Ерен еңбек пен табандылықтың арқасында келген бұл жеңіс — өңір спортының үлкен жетістігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1221021?lang=kk

Жауап қалдыру