
ҚР ҰКП «Атамекен» алаңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды реформалау мәселелері бойынша кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға Комитет төрағасы Сархат Бейсенова, мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың және кәсіпкерлер қауымының өкілдері қатысты.
Қатысушылар санитариялық-эпидемиологиялық саланы реттеудің жаңартылған тәсілдерін, «таза парақтан» реттеу саясатының қағидаттарын, сондай-ақ бақылау мен қадағалаудың жаңа құралдарын талқылады. Тамақтану, тұру, медициналық көмек көрсету, білім беру және балаларды сауықтыру салаларындағы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын нысандарға қатысты мемлекеттік бақылау тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіпкерлік кодекс пен денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер аясында бақылау сатып алуларын жүргізу, санитариялық-эпидемиологиялық тексерулер, жедел әрекет ету шараларын қолдану, профилактикалық бақылау және тәуекелі жоғары нысандарға қатысты ерекше қадағалау режимін енгізу мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар реформаларды іске асыру, әкімшілік жүктемені азайту және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін тұрақты жағдайлар жасау бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1221243?lang=kk

Жауап қалдыру