
Мөңке би ауылдық округіне қарасты «Қобыкөл» қыстағында жастарға арналған “AUYL VIBE” атты ауыл тіршілігін насихаттау шарасы жоғары деңгейде өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарға ауыл өмірінің шынайы болмысын таныстыру, еңбекке баулу және ауыл тіршілігінің маңызын насихаттау болды.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақы тұрмыстың көріністерімен танысып, ат ерттеп, тай үйрету, мал сою, қой қырқу, ағаш жару, қамшы және арқан өру, сиыр сауу, нан жабу, тары түйіп жарма дайындау, самаурын қайнату, жүн түту мен ұршық иіру секілді ұлттық дәстүрге негізделген тәжірибелік жұмыстарға қатысты.
Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Шара соңында “Алихан” шаруа қожалығының иесіне және белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тағылымы мол іс-шара өз мәресіне жетті.
“AUYL VIBE” – ауыл өмірінің берекесі мен бірлігін, қазақы құндылықтардың маңызын жастарға дәріптеген ерекше шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1220876?lang=kk

Жауап қалдыру