АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

🇰🇿 Бүгін Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағындағы бірқатар құрылыс және инфрақұрылым нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

 

Іссапар барысында аудан басшысы Киелітас елді мекеніне барып, индустриалды аймақтың инфрақұрылым жүйелерін тарту жобасын қарады. Жоба аясында өндірістік аймақты қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар пысықталып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

 

Сонымен қатар, аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы  инвестормен кездесіп, өңірге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында жүзеге асырылатын жобалардың маңыздылығы айтылып, олардың аудан экономикасының дамуына оң әсер ететіні атап өтілді.

 

Одан кейін Қемеқалған ауылдық округіне қарасты Қаратөбе елді мекенінде орналасқан «Ақбура» бұлағының ауыз су мәселесі қаралды. Аудан басшысы ауыз су сапасы мен тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға назар аударып, жауапты мекеме өкілдеріне нақты міндеттер жүктеді.

 

Сондай-ақ, Қарақия елді мекеніндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан аудан әкімі жол құрылысының сапасына қатысты сын-ескертпелер айтып, мердігер мекемелерге анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде ретке келтіруді тапсырды. Сонымен қатар, жұмыстардың сапалы әрі талапқа сай орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.

 

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1220983?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді