
️Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы — қоғамның негізі, сүйіспеншілік пен қолдаудың, өзара сыйластық пен рухани құндылықтардың қайнар көзі. Дәл осы отбасында адамгершілік қағидаттары қалыптасып, салт-дәстүрлер сақталып, ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігі нығая түседі. Берік отбасы институты — тұрақтылықтың, өсіп-өркендеудің және еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Осы мерекелі күні әр шаңыраққа татулық, бақыт, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін. Әр үйде әрдайым жылулық, өзара түсіністік пен қуаныш салтанат құрсын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1220602?lang=kk

Жауап қалдыру