
Кездесулер барысында тұрғындарға бағдарламаның мақсаттары мен мүмкіндіктері, жеңілдетілген несие алу тәртібі, қатысушыларға қойылатын талаптар, сондай-ақ кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған қаржыландыру тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Мамандар тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өтінім беру кезеңдері мен қажетті құжаттар тізімін түсіндірді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыруға және әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1220786?lang=kk

Жауап қалдыру